Өңірде зейнеткерлерге биыл 1 қаңтарынан бастап "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес базалық зейнетақыны 7% – ға, ынтымақты зейнетақыны 9%-ға арттыру көзделгеніне байланысты төлемдер ұлғайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айта кетейік, 1, 2 және 3 бала туған кезде біржолғы жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге дейін, төртінші және одан да көп балаға - 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін ұлғайды. I топтағы жалпы ауруы мүгедек адамдарға берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге дейін, II топтағы жәрдемақы – 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге дейін, III топтағы жәрдемақы – 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін ұлғайды. Бұдан басқа, мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 7% - ға өсті.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айжан Ағыбаеваның айтуынша, аймақта 137 482 зейнеткерге зейнетақы ұлғайтылды. "Облыс бойынша 19 784 Мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушыға, 8 731 асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушыға, 18 478 арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыға, 1 755 бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы алушыға, сондай-ақ 7 973 көпбалалы отбасына, "Алтын алқа", "Күмісалқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы 3769 аналар төлем өсті", -дейді ол.
Сондай-ақ мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін 26 мемлекеттік қызмет түріне электронды түрде онлайн өтініш беруге болатынын, ол үшін қызмет алушылардың ұялы телефон нөмірлері міндетті түрде мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркелуі керек екенін жеткізді.