Өңірде қолайсыз ауа райы салдарынан бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
15 ақпан 09:30-дағы жағдай бойынша:
Республикалық маңызы бар жолдар:
- «Алматы-Өскемен» 1013-1048 шақырым (Абай облысы шекарасы - Ұлан ауылына бұрылыс);
- «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» 15-102 шақырым (Глубокое ауданына бұрылыстан Шемонаиха қаласына дейін);
- «Өскемен-Семей» 10-103 ш (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» 6 – 166 шақырым аумағында (Ушанов ауылы – Алтай қаласы); 420 - 450 шақырым аумағы бойынша (Берел ауылы - Рахман қайнарлары);
- «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» 105 -123 шақырым (Шемонаиха – Ресей Федерациясы);
- «Өскеме-Риддер-РФ шекарасы» 15-102 шақырым (Белоусовка-Риддер).
Облыстық маңызы бар жолдар:
- «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» 30-60 шақырым;
- «Өскемен-Тарғын-Самар» 63-145 шақырым;
- «Тарханка-Топиха» 0-12 шақырым;
- «Шемонаиха-Секисовка» 0-54 шақырым;
- «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» 72-87 шақырым;
- «Казнаковская өткеліне кіру» 0-12 шақырым;
- «Үлкен Нарын-Күршім» 96-135 шақырым;
- «Күршім-Қалжыр» 0-131 шақырым.
Өскемен метеостанциясының мәліметінше, кеше қардың биіктігі 5 см-ге жеткен. Ал бүгін түнде 20 см қар жауды.