ШҚО-да 1500 гектардан астам орман алқабын қалпына келтіру жоспарлануда

535
көрілім

5 сәуірден бастау алатын өрт қаупі жоғары кезеңіне дайындық жайы облыс әкімдігіндегі отырыста сөз етілді.

- Орманшылар мен орман қорғау ведомстволары жарақтандыру деңгейі бойынша республикада төртінші орында. Атап айтқанда, 161 техника, төрт тікұшақ бар. Сондай-ақ материалдық-техникалық база үнемі жаңарып отырады, - деді аймақ басшысы Даниал Кенжетайұлы.

Ол өткен жылы барлық қызметтер өрттің айтарлықтай аумақтарға таралуына жол бермей, тілсіз жаумен күресте лайықты нәтиже көрсеткенін атап өтті.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1533 гектар орманды қалпына келтіруіміз қажет, - деді облыс әкімі. - Бұл үшін қазірдің өзінде тұқымбақтарда көшеттер өсіріліп, оларды қосымша сатып алуға ақша бөлінді.

Лаула КИМАДИЕВА