ШҚО-да 150 келі балықты заңсыз тасымалдаған браконерьлер ұсталды

341
көрілім
Сурет ШҚО ПД

Сәуір айының соңында Жарма ауданындағы «Балықтыкөл» көлінің маңында 43 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Volkswagen» автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Заңнан аттағандар «Нерест» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір мезетте екі жағдай болған. Алдымен «Volkswagen» көлігіне  74,3 кг сазан балығын тиеген 48 жастағы жолаушы анықталды.
Қалбатау ауылының тұрғыны тізгіндеген көлікті тексеру барысында дәл сол жерде тағы бір көлік тоқтатылды. Қызығы сол, мұның жүргізушісі де осынша мөлшерде балық тасымалдап бара жатқан. Бірыңғай сазан.
– Оқиға орнынан барлығы 150 килограмнан астам балық, екі ау, екі резеңке қайық тәркіленді.  Семей балық инспекциясы ұсынған мәліметтерге сәйкес келтірілген жалпы шығын шамамен 900 000 теңгені құрады, – делінген мәліметте.
Ұсталғандарға қатысты келу міндеттемесі түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
– Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.