ШҚО-да 15-19 жас аралығындағы жастардың қанша пайызы жыныстық қатынасқа түскен?

297
көрілім
Фото: zviazda.by сайтынан

Бұл туралы Өскемендегі Ана мен бала орталығында «Отбасы құруды жоспарлау» тақырыбындағы жиын кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мамандардың айтуынша, толықтай медициналық сақтандыруды жүзеге асырғаннан отбасы құруды жоспарлау керек. Бұл орайда тек ересектердің ғана емес, жасөспірімдер мен бозбалалардың статистикалық жүйелері талқыланды.
Гинекологтардың көмегіне жүгінген азаматтардан жыныстық серіктестің санын сұраған кезде мынадай статистика анықталды: 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20,9%-ы кәмелеттік жасқа толмаған кезде жыныстық қатынасқа түскен. Ең көп жыныстық серіктестермен қатынасқа түсетіндердің қатарында бозбалалар бірінші орында тұр. Олардың үлесі – 43,5% құраса, қыздар -29,4 % пайызды алады.
– Жыныстық қатынас кезінде контрацепцияны дұрыс білмегендіктен жастар арасында ерте жүктілік, ал ересектер арасында венерологиялық аурулар жиі анықталуда. Егер тұрғындарымыз медициналық жастар орталығына барып өзіне қажет ақпарат алса, қателіктерге көп бой алдыра қоймайды. Отбасы құруды жоспарлағың келсе, денсаулығыңды түзе, – деді Ана мен бала орталығының консультативті диагностикалық орталығының меңгерушісі Надира Слямханова.
Жасөспірімдер арасындағы тағы бір мәселе – аборт жасау. Орталық меңгерушісінің сөзінше, аборт жасайтын қыз-келіншектердің статистикасын анықтау қиынға соғады.
– Себебі қазіргі кезде кез-келген дәріханада арнайы препараттар сатылады. Әртүрлі контрацепиялық дәрілерді де дәрігер нұсқаулығынсыз алуға болады. Бұларды жиі пайдалану қауіпті екенін біле бермейді. Сондықтан медициналық қызметкерден консультация алу өте маңызды, – деді ол.
  Жиында талқыланған тағы бір мәселе – кесарь тілігі жазылмай жатып ананың тағы бір мәрте құрсақ көтеруі. Босанудан кейін ананың организмі 3 жылдан кейін толықтай қайта қалыптасады. Бұл мерзімге жеткізбей босанғысы келетіндер өз денсаулығына нұқсан келтірулері мүмкін.