Бүгін өңірде электр қуаты үшін жаңа тариф енгізілді. Ол бұрынғымен салыстырғанда 20 пайызға жоғары (бір киловатт/сағат үшін 3068 теңгеге), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді жарық пен қуаттың орташа құны кВт/сағ үшін 18,411 теңгені құрайды (бұрын кВт/сағ үшін 15,343 теңге болды). Бұған дейін баға 2023 жылдың 7 желтоқсанында 10 пайызға қымбаттаған еді.
Компанияның сайтында көрсетілгендей, баға өсуінің себебі көтерме сауда нарығындағы электр энергиясы бағасының артуымен байланысты.
Тарифті көтеру туралы өтініш 5 қаңтарда берілген. Оны Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті бекітті.
Енді жеке тұлғалар келесідей бағалар бойынша ақы төлейтін болады:
Электр плиталары бар үйлерде:
бірінші деңгей бойынша (бір адамға 90 киловатт/сағатқа дейін) – 18 127 теңге;
екінші деңгей бойынша (бір адамға 90-нан 170 киловатт/сағатқа дейін) – 24 744 теңге;
үшінші деңгей бойынша (170 киловатт/сағаттан жоғары) – 30 931 теңге.
Газ плиталары бар үйлерде:
бірінші деңгей бойынша (бір адамға 85 киловатт/сағатқа дейін) – 17 700 теңге;
екінші деңгей бойынша (бір адамға 85-тен 165 киловатт/сағатқа дейін) – 24 744 теңге;
үшінші деңгей бойынша (бір адамға 165 киловатт/сағаттан жоғары) – 30 931 теңге.
Қымбат МУХАМАДИЕВА