ШҚО-да 160-тан астам адам КСРО төлқұжаты бойынша өмір сүріп келген

485
көрілім
Шартты фотосурет

Көші-қон қызметінің өкілдері жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО төлқұжатын уақтылы ауыстырмағандарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде шектеулі және ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоқ.

Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарымен 160-тан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылды.

- Мәселен, Ұлан ауданының полиция бөліміне 61 жастағы ер адам жүгініп, 90-шы жылдары Украинада берілген 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты бойынша Қазақстанға келгенін айтты. Сол ауданында тұрып жұмыс істеген, отбасын құрып, балалв-шағалы болды. Өрт шыққанда төлқұжаты жанып кетуіне байланысты 26 жылдан астам уақыт бойы түрлі жайттарды бастан өткерді. Украинадан оның құжаттарына қатысты жауап келмеуіне байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметі мамандары Қазақстан Республикасының елшілігі арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға көмектескен. 29 қазан күн ұландық тұрғын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алып, енді басқа қазақстандықтармен тең дәрежеде барлық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады.

- Осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береді, - делінген мәліметте.