ШҚО-да 170-тен астам автобус жүргізушісі жол ережелерін бұзған

2232
көрілім

Ақпан айының 21-нен бастап өңір аумағында қоғамдық көлік жүргізушілері үшін «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алғашқы күннің өзінде жол ережелерін бұзу бойынша 170-тен астам факт тіркелді.
- Маневр ережелерін бұзғаны үшін 34, рөлде келе жатып телефонмен сөйлескені үшін 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 130 автобустың жылыту және электр жабдықтарының жай-күйі тексерілді, - делінген ақпаратта.
Аталған шара наурыз айының 2-не дейін жалғасады.