ШҚО-да 189 бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналыстары өтті

402
көрілім

2021 жылдың 19-21 сәуірі аралығында  Шығыс Қазақстан облысының аудан қалаларындағы «Nur Otan» партиясының  филиалдарының 189 бастауыш партия ұйымдары есеп беру жиналыстарын өткізді.

Аталмыш жиналыстар бүгінгі таңда и  қалыптысқан санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен офлай және онлайн режимде жүргізілді. Жиынға 20 000 астам партия мүшелерімен белсенділері қатысты.
Жиын барысында  «Nur Otan» партиясының  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды  бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды.
Сонымен қатар бастауыш партиялық ұйымдардың төрағалары 2019-2020 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар туралы партияластардың алдында  есеп берді.
Есеп беру-сайлау жиналыстарының қортындысы бойынша бастауыш партиялық ұйымдарының төрағаларымен олардың орынбасарлары сайланды.
Сондай – ақ, алда өтетін партияның аудандық және қалалық филиалдарының есеп беру-сайлау конференциясына қатысатын делегаттар анықталды.