ШҚО-да 18 жастағы бозбала көлік ұрлап ұсталды

339
көрілім
Фотосурет шартты

Жедел-алдын алу іс-шара барысында облыс орталығында сағат 4:00 шамасында ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны инспекторларының назарына артқы жанама әйнектері сынған «Волга» автокөлігі ілікті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлік басқарған 18 жастағы бозбала масаң күйде болған. Қолы да қан-қан. Ол жол сақшыларына талап етілген құжаттарды көрсете алмапты.

Белгілі болғандай, кейінірек оның көлікті ұрлап кеткені анықталды. Аулалардың біріндегі тұраққа қойылған автокөлікті көрген бозбала әйнегін қолымен соғып сындырып, автокөлікті рұқсатсыз айдап кеткен.

Куәландыру дерегіне сүйенсек, бозбала орташа дәрежедегі масаң күйде болған. Осы орайда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, көлікті рұқсатсыз иелену бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.