Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының директоры Айдар Ситқазинов өңірге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, облыста қайтыс болғаннан кейін донорлық беруден 4976 бас тарту және 231 келісім тіркелді.
- Шығыс Қазақстан облысының 295 тұрғыны ағзаларын трансплантациялау үшін кезекте тұр. 271 адамға бүйрек, 19 адамға бауыр, 4 адамға жүрек, бір науқасқа өкпе-жүрек кешені қажет, - деді Айдар Ситқазинов.
Денсаулық сақтау саласының мамандары қайтыс болғаннан кейін донорлықтан бас тартудың себебі - консервативті көзқарастар, қорқыныш және діни сенімдер екенін атап өтті.