Оралман мәртебесі бар қарагөздерге бір жыл аралығында қысқартылған түрде азаматтық алуға мүмкіндік бар. Дегенмен кейбіреулері осы мерзім ішінде қажетті құжатқа ие бола алмай жатады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Аталған бір реттік акция ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылмақ. Бұл науқан басталғалы бері 503 адам Қазақстан Республикасының азаматы атанды.
– Тұрып жатқан этникалық қазақтардың барлығына ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына келіп, «оралман» мәртебесін ұзартуларын сұраймыз. Одан кейін керекті құжаттарды қысқартылған түрде азаматтық алуға берулері тиіс, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.