ШҚО-да 2019 жылы 212 жемқорлық тәуекелі тіркелген

395
көрілім

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚР жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет облыс орталығында өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz  сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресудің екі тиімді жолы бар: бірі - сыбайлас жемқорлық себебін анықтау үшін мониторинг жүргізу, екіншісі - жемқорлыққа баруға бел байлаған әрекеттерді сараптау.

- Бұл екі әдіс адамдардың қоғамда болып жатқан қылмысқа немқұрайлы қарамауын үндейді. Жалпы, өңірде өткен жылдың көрсеткіші бойынша 212 жемқорлық тәуекелі фактісі тіркелген, - дейді Ерлан Нағашбайұлы.
Белгілі болғандай, тиісті ақпарат келіп түскеннен соң дереу құзырлы мекемелерге жіберіліп, қылмыс әрекеттеріне сараптама жасалған.

Оның ішінде, халық тұрмысын жақсартуға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіргендер де әкімшілік жазаға тартылуда. Мәселен, келіп түскен өтініштердің ішінде 21 кәсіпкердің құқығы қорғалған.

Әділхан ЕСІМХАНОВ