ШҚО-да 2023 жылы босанатын үш әйел қайтыс болды

179
көрілім
Фото:tengrinews.kz сайтынан

Ресми деректерге сәйкес, 2022 жылы босану кезінде бір әйел көз жұмса, былтыр 3 әйел қайтыс болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасы босанған әйелдердің өлім-жітімінің көбеюі - жүктілік кезінде барлық қажетті тексерістерге немқұрайлы қарағандақтан деп мәлімдеді. Ал кейбір аналар денсаулыққа қауіпті факторларды елеп-ескермейді.
- Бұл жүктіліктің уақытылы тоқтатылмауына байланысты болады. Сондықтан біз қауіп-қатер факторлары байқалған фертильді жастағы әйелдерге қатысты жұмысымызды күшейтіп жатырмыз, - дейді басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мадина Мырзабекова.
Бұл мәселе қазіргі таңда амбулаториялық-емханалық қызмет акушер-генекологтардың біліктілігін арттыру арқылы шешіледі деп күтілуде.
Шалғай аудандарда босанатын әйелдерді ауруханаға ары-бері жүру кезінде денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін.  Аудандық аурухалардың көпшілігі бірінші деңгейдегі акушерлік ұйымдар тек асқынбаған физиологиялық босануларды қабылдауға құқылы. Осы мәселені шешу үшін ШҚО шалғай елді мекендердегі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету деңгейін арттыру қолға алынды. Демек, орташа қауіппен тіркелген әйелдер босана алады деген сөз. Сондай-ақ Күршім және Тарбағатай аудандарындағы перзентханалардың деңгейін екінші деңгейге көтеру жоспарлануда.
- Осыған сәйкес, перзентханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталды. Республикалық клиникалардың мамандары да тартылды. Зайсан және Шемонаиха аудандарда екі компьютерлік томограф орнатылды. Жергілікті бюджет есебінен Ана мен бала орталығына, №2 қалалық емханаға және Алтай аудандық ауруханасына сараптамалық класты УДЗ сатып алу жоспарда бар, - деді Мадина Мырзабекова.