Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 20 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел уәкілдер есірткі тасымалымен айналысқан адамды ұстады.
«Күдіктінің пәтерінен полиция қызметкерлері таблеткалар мен ұнтақ заттар салынған бірнеше целлофан пакетті тапты. Атап айтқанда, 960 грамм мефедрон, 50 грамнан астам экстази, "соль" деген атпен белгілі 70 граммнан астам "Альфа-PvP" есірткі заты тәркіленді. Мефедронның бұл мөлшері 3200-ден астам өлімге әкелетін бір реттік дозаны өндіруге жеткілікті», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкі тәркіленіп, 10-нан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.