ШҚО-да 2100 орындық 3 мектеп салынуда

302
көрілім

Өңірде 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. Білім беру саласында оқушыларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін 2020 жылы 34 мың бірлік компьютер сатып алынған. Оқушылардың жалпы контингентінің 90%-дан астамы интернет желісіне қосылған, балалардың 6%-ы роутерлермен қамтамасыз етілген.

– Өткен жылы үш ауысымды мектептер мәселесі шешілді. Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық, Ахмер ауылында 1000 орындық, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 300 орындық интернаты бар 600 орындық 3 жаңа мектеп ашылды, - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, өткен жылы білім беру нысандарын жөндеуге 11 млрд теңге бағытталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Жаңа оқу жылына қарай әрбір екінші мектеп жөнделді. Облыстың 320 мектебінде, 49 балабақшада және 5 колледжде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Қазір Риддерде 600 орындық, Семей қаласының Шығыс кентінде 1200 орындық және Семейдегі Степной кентінде 300 орындық 3 мектептің құрылысы жүргізілуде, - деді Даниал Ахметов.