Облыс құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша полицейлермен және еріктілермен бірге рейдтерге шығуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 2400-ден астам рейд жүргізілді. Патрульдеу барысында ТЖД қызметкерлері 18 азаматқа көмекке келіп, өмірін сақтап қалған. Ал шомылу маусымы басталғалы бері рұқсат етілмеген жағажайларда 3 адам суға батып кетті.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 412-бабы бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖД маманары тұрғындардан төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.