ШҚО-да 24 жастағы жігіт онлайн қызмет көрсету арқылы тұрғындардың ақшасын ұрлаған

426
көрілім

Алаяқтық жасап, жалпы көлемі 2 000 000 теңгені ұрлаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мен «Халық банк» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында тұтынушылардың заңбұзушылық әрекеттері әшкереленді.

24 жастағы Шығысқазақстандық «Халық банк» АҚ-ның клиенттерінің банк карталарынан 2 млн.теңгеден аса қаржы жымқырған. 2018 жылдан бастап ол, әлеуметтік желілерде, (вКонтакте, Инстаграм) «ОLX» онлайн-хабарландыру платформасында екінші деңгейлі банктерден және «Бақытты отбасы» ипотекалық бағдарламасы арқылы несие алуға көмектесетіндігін жариялаған. Кейін түрлі әдістермен хабарласқандардан қажетті реквизиттерді қолға түсіреді (шот, банк карталары нөмірі, ЖСН, анкеталық мәліметтер т.б.)

– Ақшаны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларынан шешіп алған. Соңғы қолда бар деректер бойынша, күдікті 7 алаяқтық оқиғасына қатысы бар. Заңбұзушыдан жапа шеккендердің көбі еліміздің оңтүстік өңірінің тұрғындары, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта материалдар мен заттай айғақтар сотқа дейінгі тексеру амалдары үшін Маңғыстау облыстық ПД-не жіберілді.