ШҚО-да 25 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған алаяқ құрықталды

373
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айының басында Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен тарбағатайлық тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес күдіктінің жасы 27-де.

- 2020 жылы қыркүйек айының ортасында күдікті әйел бизнесті дамытуға көмектесемін деген сылтауымен 30 жастағы Ұлан ауданының тұрғынынан 24 млн. теңгеден астам қаржыны алдап, жымқырып кеткен,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жауап алу барысында күдікті кінәсін мойындады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 4 бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

- Алаяқтық қылмыстарына қатысты барлық ескертулерге қарамастан, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары әлі күнге дейін алаяқтардың құрбаны болуда. Сондықтан тәртіп сақшылары азаматтарды аса сақ болуға және қырағылық танытуға шақырады, - делінген мәліметте.