Қаңтар айының 5-і күні облыс аумағында арандатушылар ұйымдастырған лаңкестік шабуылдар нәтижесінде Өскемен мен Семейдің орталық алаңдарына барлығы 5 мыңнан астам адам жиналған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қазір террористер деп танылғандар тек әкімшілік ғимараттарға ғана емес, автокөліктер мен өзге де мүліктерге шабуыл жасаған.
- Шабуыл барысында олар заңсыз сақталған атыс қаруы, ұрып-соғу және жаншып-кесу заттарын пайдаланды. Пиротехникалық және қолдан жасалған тұтану қоспалары қолданылған. Облыс бойынша заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде 26 қызметтік автокөлік зақымданып жойылды, - делінген ақпаратта.