ШҚО-да 27 жастағы ер жігіт 7 адамды өрттен құтқарып қалды

464
көрілім

Айбек Әбдірахманов есімді жігіт өртенген үйден жеті адамды аман алып қалды. Оқиға қыркүйектің 8-нен 9-на қараған түні болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өрт Өскемен қаласының іргесінде орналасқан Үлбі кентіндегі тұрғын үйдің бірінде орын алды. Айбек Әбдірахманов таныстарының үйінің жанынан таксимен өтіп бара жатып, лаулаған жалынды көрген. Дереу арада есік-терезені тарсылдатып, бүкіл бір отбасының шығуына көмектесті.

– Барлығымыз қалың ұйқыда едік. Өрт электр сымдарынан шығуы мүмкін. Егер де Айбек болмаса не боларын білмеймін. Айбек сол күні үш баламызды өз үйіне алып кетті. Оған алғыстан басқа айтарым жоқ, – дейді Татьяна Гордеева.

ТЖД мамандарының айтуынша, үйдің өртенген аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқыс оқиғаның шығу себебі электр құралдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмағандықтан болуы ықтимал.