Ресми ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері облыста отбасындағы қатыгездікке қатысты 3256 өтініш тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әйелдерге зорлық көрсету фактісі ел ішінде қызу талқыға түсуде. ШҚО полиция департаменті осы мәселеге қатысты өңір бойынша ресми мәліметпен бөлісті.
Кеше ғана Бишимбаев мәселесі біржақты етілсе, бүгін Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов әйелі мен баласына күш көрсетті деп қамауға алынды. Ол бұрынғы әйелін үйден күшпен шығарғаны үшін 5 тәулікке қамалды, алда қылмыстық іске қатысты сот процесі күтіп тұр.
Абырой болғанда, Шығыс Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты елді дүр сілкіндірген мұндай хабар жоқ. Дегенмен полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, жыл басынан бері облыста отбасындағы қатыгездікке қатысты 3256 өтініш тіркелгені, 2 764 әйелдің зардап шеккені белгілі болды.