ШҚО-да 3000-нан аса жол ережелерін бұзушы анықталған

382
көрілім

Өңірде жол-көлік оқиғалары санын азайту мен көлік апаты салдарын төмендету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу шаралары өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шаралар барысында мемлекеттік тіркеу нөмірі бар жалған құжаттармен көлік жүргізу бойынша 2 оқиға тіркелген.
20 маусым күні Шемонаиха қаласында «Lada» маркалы көлігін тізгіндеген 26 жастағы ер адам жалған тіркеу нөмір белгісімен ұсталған.   Тексеріс кезінде көлік Ресей азаматының атына тіркелгені белгілі болды. Жүргізушіге әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама толтырылған. Құқықбұзушының ісі Глубокое аудандық сотында қарастырылуда.

Оған қоса 30-дан аса жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны – әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 272 жүргізуші жылдамдықты асыру, 44 – жүргізуші көлік жүргізу куәлігінсіз, 18   жүргізуші – көлік жүргізу куәлігінен айырылса да темір тұлпарды басқарғандары үшін ұсталған, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, 508-ден аса жаяу жүргінші жол ережесін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл тұрағына 25 көлік жеткізілген.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ