Тәуелсіздік жылдары жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 33 есе өсті. Сондай-ақ, сыртқы сауда айналымының көлемі 9 есеге артып, өңірді дамытуға 5,3 триллион теңге инвестиция тартылды.
Халықтың банк жүйесіне сенімі артты. Депозиттерге салымдар 1,5 миллиардтан, 513 млрд.теңгеге дейін, кредиттік портфель 900 миллионнан, 392 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Облыста жеке автокөліктердің саны 4 есеге өсті. Қазір орта есеппен әрбір отбасында жеңіл көлік бар. 1995 жылы – 100 адамға 5,5 авто келсе; 2020 жығы көрсеткіш 100 адамға 20,4 авто келетіндігін дәлелденіп отыр.
Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі 2,2 есеге төмендеді. Ал, өмір сүру ұзақтығы 64-тен 72 жасқа дейін ұлғайды, - деп хабарлады ШҚО әкімдігі.