ШҚО-да 33 градусқа дейін аяз күтілуде

489
көрілім

«Казгидромет» синоптиктері қарашаның 19-20 күндері күн райы қалай болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Қазакстанға төменгі температура арктикалық теңіздер тарапынан жетеді де осының салдарынан республиканың әр өңірінде шұғыл әрі айтарлықтай суық ауа темпертаурасы тұрақтайды, – дейді «Казгидромет» мамандары. – Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда сынап бағанасы 28 градустан 33 градус нөлден төмен деген межеге жетіп,  қар жауып, солтүстіктен қатты бұрқасын соғады деп күтілуде.