Облыс орталығындағы еріктілер бір ай бұрын жоғалған Глубокое ауданының тұрғынын іздестіруде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілер ұйымының ақпаратына сенсек, Глубокое ауданындағы Предгорное ауылының тұрғыны Абдрахманов Тимур Тілеубекұлы 1984 жылы туған. Ер адам 31 қазан күні үйден шығып, сол күйі қайтып оралмаған.
Тимурдың ерекше белгілері: дене бітімі арық, бойы 180 см-ге жуық, көзі, шашы қара және шаш үлгісі қысқа.
Жоғалған күні жасыл түсті спорттық киім, аяғына галош киген.
Хабарсыз кеткен ер адам жайлы қандай да бір ақпарат шықса 8-771-466-54-38 немесе «102» арнасына қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.