«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 28 шілдеде күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с жететін жел соғады. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Өскеменде найзайғай ойнауы ықтимал. Ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.