ШҚО-да биыл көпбалалы отбасынан шыққан 3764 бүлдіршін балабақша тегін баруда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Өткен жылы көпбалалы аналар үшін бірыңғай әлеуметтік көмек 70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3 есеге ұлғайтылды. Сондай-ақ тұрғын үйдің бастапқы жарнасы субсидияланды. Былтыр көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға 2,1 млрд теңге бөлінсе, биыл 3,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл атаулы әлеуметтік көмекті қоспағанда, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, биыл арнайы облыстық бағдарлама аясында көпбалалы жанұядан шыққан 3764 бүлдіршін балабақшаларға тегін баруда. Осы санаттағы барлық балалар мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.