ШҚО-да 37 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

1033
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс аумағында мамыр айының 17-сі мен маусым айының 16-сы аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық профилактикалық шарасы өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері жол жүру кезінде, нақты айтсақ, көлік құралын мас күйде басқару, басып озу қағидаларын, сонымен қатар жылдамдық режимін бұзушылық, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстарын жүргізді.

- Шара барысында 37 000 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 9 000 мыңға жуық жаяу жүргіншілердің жол жүру кезіндегі және жаяу жүргіншілер өтпесінен өту қағидаларын бұзушылықтар, сондай-ақ 212 масаң күйде көлік басқару фактісі, 141 қозғалыстың қарама-қарсы жолағына шығып кету фактісі тіркелді. 900-ден астам көлік құралын пайдалауға тыйым салынып, 400 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды, - делінген ШҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.