2019 жылы 21-23 қараша аралығында ШҚО-да республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Жолдардың қауіпті учаскелерінде 230-дан астам автомобиль патрульдері ұйымдастырылған.
Нәтижесіне, үш күн ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 143 жүргізушіге жылдамдық шегінен асқаны үшін айыппұл салынды. 187 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды тіркелді. Осы мерзім ішінде айыппұл салу үшін 30 көлік тұраққа қойылды.
Қыстың басталуына және температураның күрт төмендеуіне байланысты ШҚО тәртіп сақшылары жүргізушілерді ауа-райының жағдайлары мен жол жағдайын ескеруге, жылдамдықты, озып кету ережелерін, жол қиылыстарында және жаяу жүргіншілер өткелдерін қатаң сақтауға шақырады.