Балықтарды жіберуге қолайлы жер ретінде қара Ертіс таңдалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қара Ертіс – Қызыл кітапқа енген балықтардың өмір сүруіне аса қолайлы жер. Аталған жұмыс өңірде бекіре балығының санын өсіріп, су қоймаларындағы экожүйені тұрақтандыру мақсатында қолға алынған. Оған қоса, бұл ерекше балық түрлерін жіберуге көшудің бір кезеңі.
- Бұған дейін бекіре балығы, яғни шабақтар сегіз жыл бұрын суға жіберілген екен. Биыл ірі балықтарды суға жіберу барысында олардың өмір сүруге бейімділігі де артатын көрінеді, - деді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалану реттеу басқармасы жануарлар әлемі бөлімінің басшысы Мерхат Амиров.