ШҚО-да 45 мектептің асханасы талапқа сай емес

478
көрілім

Өңірдегі мектеп асханаларындағы олқылықтарды ''Денсаулық сақтау" бағыты бойынша партиялық куратор Зарина Қамасова айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, мектеп асханаларында қауіпсіздік шараларына мән берілу күн тәртібінен түспеуі қажет.
- Партиялық жоба аясында мектептерге мониторинг жүргіздік. Өткен жылдың нәтижесі бойынша, 549 мектептің 45-і талапқа сай емес, - дейді Зарина Қамасова.
Бұдан бөлек, жауапты тұлға аймақта үш деңгейлі білім беру сапасының жоғарылап, өлім-жітім көрсеткішінің, керісінше, республика көлемінде едәуір артқанын да мәлімдеді.
Нұрбек АСҚАРОВ