Шығыс Қазақстан облысында жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскалары шығарылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің facebook парақшасында жазды.
- Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!, - дейді әкім.
Оның айтуынша, жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде жуық арада 500 мың дана маска шығарылмақ.