Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 51 адам анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Науқастардың ішінде 10 адам Семей қаласынан, 13 адам Өскемен қаласынан, 6 адам Аягоз ауданынан, 9 адам Ұлан ауданынан, 5 адам Бородулиха ауданынан, 3 адам Абай ауданынан, 2 адам Күршім ауданынан және Глубокое, Үржар, Бесқарағай аудандарында 1 адамнан.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 11 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен, яғни ЖРВИ белгілерімен түскен 35 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 5 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.
Қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 793 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 192.