ШҚО-да 54 жастағы әйел адам із-түзсіз жоғалып кетті

445
көрілім

Еріктілердің айтуы бойынша, Ұлан ауданы Алғабас ауылының тұрғыны, 54 жастағы әйел адам екі апта бұрын хабарсыз кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілері 13 қаңтар күні Ұлан ауданының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат таратты. Сырымбаева Нұргүл Задаевна 1965 жылы туған. Алғабас ауылының тұрғыны сол күні Өскемен қаласына таксимен келген. «Заречный» базарының маңында көліктен түсіп қалады. Сол күйі еш хабарсыз.

Жоғалған күні Нұргүл Сырымбаева үстіне ұзын көк күртке, қара көк түсті бас киім мен қара етік киген. Өзімен бірге жеке куәлігі, біраз ақшасы және қосымша ауыстыратын киімдері болған.

Volontery_uka_LIDER.KZ еріктілері көрген-білгендер болса 8 777 466 54 38 нөміріне немесе «102»-ге хабарласуларын сұрайды.