ШҚО-да 70 адам заңсыз аң аулаға шыққан

522
көрілім

Өңірде «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында 120-дан астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 қазаннан бастап өңірде «Браконьер» жедел алдын алу шарасы басталған.

– Бүгінге дейін тәртіп сақшылары 120 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 69-ы аң аулау, 34-і балық аулау ережелерін бұзуға қатысты болса, 3 адам ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылдын, – дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының аумағында табиғат қорғау полицейлері 1200-ден астам рейд өткізді. Соның нәтижесінде 1450-ге жуық заңбұзушылық әшкереленді.

Айта кетейік, «Браконьер» жедел алдын алу шарасы 11 қарашаға дейін жалғаспақ.