Облыстық Полиция департаменті осыған қатысты автокөлік иелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
23 қаңтар мен 30 маусым аралығында шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылданды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін елге әкелінген көліктер заңдастырылмайды.
- ШҚО-да жеті мыңнан астам шетелдік көлік заңдастырылды, - делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде. - Көлікті заңдастыру үшін 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жасалған өтінімдер 31 желтоқсанға дейін қаралмақ. Мерзім шектеулі екенін ескере отырып, автокөліктерді тіркеуден өткізуге шақырамыз.
shkoda_7_mynnan_astam_avtokolik_zandastyry
59