Қаңтар айының 4-і күнгі жағдай бойынша өңірде қызылшаның 278 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жағымсыз статистика көрсеткіш деңгейі 38,8%-ға артқанын жеткізді.
Науқастардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (191 жағдай), ересектерде 66 және жасөспірімдерде 21 жағдай тіркелді.
- Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар арасында тіркелді 170 адам (61%). Оның ішінде, 31 жағдай жоспарлы вакцинация жасына жетпеу, 48 жағдай медициналық қарсы көрсетілімдері барлар, - делінген мәліметте.
82 адам вакцинациядан бас тартты, тоғыз тұрғын екпе алу мерзіміне үлгермеді.
Анығы сол, осы уақытқа дейін 53 адам вакцина алды.