Биыл облыс халқының 70%-дан астамы онкоскринингтен өтті. Нәтижесінде қатерлі ісіктің 87 жаңа жағдайы және 1500 обыр алды дерт анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Көопсалалы онкология және хирургия орталығының клиника-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі Шолпан Нұрғалиеваның айтуынша, онкоскрининг кез-келген патологияны анықтауға көмектеседі. Оның негізгі мақсаты – халықты сауықтырып, өмір сүру ұзақтығын арттыру.
- Бүгінгі таңда Қазақстанда үш онкологиялық скрининг жұмыс істейді. Олар: 40-70 жас аралығындағы әйелдер үшін сүт безі қатерлі ісігінің, 30-70 жас аралығындағы әйелдер үшін жатыр мойны мен колоректальды обырдың және 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер үшін тоқ ішек обырының скринингі, - деді ол.
Сүт безі және колоректальды қатерлі ісігінің скринингі екі жылда бір рет жүргізіледі. Ал жатыр мойнының қатерлі ісігіне арналған скрининг төрт жылда бір рет жүргізіледі. Онкоскрининг емханаларда жүзеге асырылады. Ол МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар кез келген азамат үшін қолжетімді.
- МСАК ұйымдарымен бірлесіп, біз онкологиялық аурулардың алдын алу туралы халықты ақпараттандырамыз. Дегенмен, әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды ұмытпау керек. Скринингті елемеуге болмайды. ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес әр жұмыс істейтін азамат үш жұмыс күні ішінде скринингтен өту үшін әлеуметтік демалысқа құқылы, - деп атап өтті Шолпан Нұрғалиева.