Облыс аумағында кене энцефалитімен қоса иксод боррелиозын жұқтырған жағдайлар да тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, биылғы көктем айларында облыстың эндемиялық аумақтарында 3053 адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Ең көбі — Өскемен қаласында (1 430 адам). Әрі қарай Риддер қаласы мен Алтай ауданы аталды.
Профилактикалық мақсатта медициналық көмекке жүгінгендердің ішінен 2 879 адам иммуноглобулин алды.
— Атап өту керек, кене инфекциясымен ауырғандардың ешбірі кене шағуына байланысты алғашқы медициналық көмекке жүгінбеген, - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.
Облыс аумағында кене энцефалитінің 8 жағдайы және иксод кене боррелиозының (Лайм ауруы) 4 жағдайы тіркелді.