Биылғы жылдың 9 айында облыс бойынша аңшылық пен балық аулауда 778 заңбұзушылық анықталған. Бұл жайлы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы хабарлап отыр.
Аталмыш басқарма қызметкерлері тұрақты түрде биоресурстарды қорғау шараларын жүргізіп тұрады. Бұл мақсатта олар рейд өткізіп, заңбұзушылықтарды анықтайды. 2017 жылдың 9 айында аң аулауда – 118, балық аулауда – 660 бұзушылық тіркелген.
– Заңмен бекітілген талаптарды сақтамайтындар, әсіресе Ұлан, Көкпекті, Жарма аудандарында жиі кездеседі, – деп хабарлады ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.