Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде отандық сандық медицинаны дамытуды қолға алмақшы деп хабарлайды buqara.kz тілшісі «Қазақпарат» мәлімет көзіне сүйене отырып.
Алдағы жылдан бастап бұл оқу орнында инженер-медтехник мамандар даярланады. Олар бағдарламалық жасақтама, сервистік қызмет көрсету, жөндеу және медициналық құрал-жабдықтарды (рентген, УДЗ, томограф және т.б.) шығарушылармен өзара әрекеттесу бойынша мамандандырылады.
Қазіргі таңда елімізде бірде бір жоо мұндай мамандарды даярламайды. Бұл шешім «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында қабылданып отыр.
IT-медик деп аталатын мамандар екі бағытта оқытылады: медтехника және телемедицина. Жаңа мамандарды ШҚМТУ оқытушыларымен қатар, Беларусь Республикасынан, Австриядан шақырылған мамандар оқытатын болады.
Біздің елде инженер-медтехник мамандығы сұранысқа ие болып табылады. Алайда оларды даярлайтын оқу орны болмағандықтан, ШҚМТУ түлектері осы салада жұмыс істеу үшін шетелдерден қайта оқуға мәжбүр екен. Енді аталмыш мамандар біздің облыста оқытылады.