ШҚО-да мемлекеттік корпорация есебінен 723 электрондық қызмет көрсетілген

301
көрілім

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен жиында өңір бойынша 2019 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жауапты тұлғалар көрсетілген электронды қызмет түрлеріне тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Азаматтарға арналаған электронды үкімет» ШҚО бойынша филилалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, мемлекеттік корпорация есебінен 723 электронды қызмет көрсетілген.  
– 11 айдың қорытындысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету түрлері де бар. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары көрсеткіш. Фронт-кеңселердің қызметтері де тұрғындардың электронды қызмет түрін алуларын жеңілдетуде, – дейді филиал директоры.

Сондай-ақ филиал директорының орынбасары Әсел Мамажанованың сөзінше, қазір өңір бойынша электронды қызмет түрін көрсететін 26 орталық бар. Олардың барлығында да тұрғындар қолжетімді түрде электронды қызмет түрлерін алып келеді. Дегенмен заман ағымына қарай Telegram, Facebook сынды қосымшалар арқылы электронды қызмет түрін алу біршама жеңілдеген.
– 2018 жылы 500-ден астап адам мекенжай анықтамасын алса, үстіміздегі жылы 180-нен астам адамға қол жеткізді. Яғни аталған қосымшалар арқылы тұрғындар мұндай қызмет түрлерін қашықтықтан еш қиындықсыз ала алады, – деді Әсел Мамажанова.

Әділхан ЕСІМХАНОВ