ШҚО-да Парламент Мәжілісінің депутаттары ауыл активімен кездесті

454
көрілім

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник пен Евгений Козлов Ұлан ауданының Таврия ауылына арнайы барып, ауыл активімен жүздесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында мұғалім мәртебесі мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа форматтары түсіндірілді.

– Біз мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтуымыз керек. Оқытушы оқушыға тек сабақ берумен ғана шектелмей, тәрбие жұмыстарымен де айналысқаны жөн. Сол арқылы ұстаздар мәртебесін көтеруді нақты қолға аламыз, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Василий Олейник.

Кездесуден соң жұмыс тобы ауылдағы аурухана мен жиһаз жасайтын цехты аралап, жұмыс барысымен танысты.