Бүгін Өскеменде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай өлеңдері – өшпес мұра» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл сайыс бүлдіршіндердің қатысуымен ерекшеленіп отыр. Байқауға қаламыздың оқу орындарынан 9 бала қатысты.
– Бүгінгі іс-шараның жастарға берер тәлімі зор. Шараның мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу арқылы салт-дәстүрімізді, халық даналығын жастарға насихаттау. Себебі ұлт болашағы жастардың қолында, – дейді «Nur Otan» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары Олег Чугунков.
Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, кештің көркін қыздырды. Сайыс қорытындысы бойынша көзге түскен таланттар марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Таунар ҚАЙРАТ