Өткен жылы 3811 шығысқазақстандық түрлі жануарлардың шабуылынан жарақат алып, ақ халаттылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер тұрғындардың басым көпшілігі (97%) өздерінің үй жануарларынан, яғни ит пен мысықтан зардап шеккендіктерін мәлімдеді. Алайда әдеттегі жағдайдан тыс оқиғалар да болған.
– Былтыр өңірімізде суретке түскісі келген адамға маймыл шабуылдады, – дейді департамент директорының міндетін атқарушы Нұргүл Құнапянова.
Екінші бір мысал. Қол күтіміндегі теңіз шошқасы мазасызданып, иесіне жарақат келтірген. Бұдан бөлек, кірпі, тиін, сарышұнақ, бұлғын, борсық, қабан сынды жануарлардың шабуылы да тіркелген.