Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, «Smart city» жобасы Риддер қаласында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеевпен кездесу барысында Риддерде «Ақылды қала» пилоттық жобасын енгізуді ұсынды.
- Жобаны Риддер қаласынан бастаған жөн. Себебі ол жердің инфраұрылымы өте күрделі, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 546 көпқабатты үйге, 15 мектепке және жүзден астам құрылыс алаңдарына бейнебақылау камералары орнатылмақ.
Еске сала кетейік, «Smart city» - инновациялық технологияларды енгізу арқылы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жоба.