Облыс әкімдігі көл жағалауына салынатын қонақүйлер кешендері жобасына байқау жариялады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
«Алакөл жағалауындағы 4 (немесе 3) жұлдызды қонақүйдің үздік құрылыс жобасы» байқауында облыстағы әр қатысушы өз жобаларын таныстыра алады.
Бұл байқауға жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және акционерлік қоғамдардың ұсыныстары қабылданып, қаралмақ. Бәйгеге бас тігемін деушілер құжаттарын Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 (120 кеңсе) мекенжайына тапсырады.