Анықталғандай, 37 жастағы әйел қант пен күнбағыс майын тиімді бағамен сатып алуға көмектесетіні туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзіне сеніп қалған жергілікті кәсіпкерлер жалпы сомасы 60 миллион теңгені құрайтын тауарға тапсырыс берген. Алайда, уәде етілген азық-түлік қолдарына тимеді.
Сот әйелді кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.
- Қазіргі таңда сотталушы Абай ауданындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Жұмысқа орналасып, жалақысынан жәбірленушілерге қарызын төлеуде. Ол істеген ісіне өкінетінін айтып, кәмелеттік жасқа толмаған үш баласын сағынуда, - деді тәрбие бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Қайранова.