ШҚО-да алаяқ әйел адамның ақшасын жымқырған

744
көрілім
Шартты фотосурет

Маусым айының 5-і күні Жаңа Бұқтырма кентінің 32 жастағы тұрғынынан белгісіз біреудің алдап, 48 мың теңгеге жуық ақшасы ұрланғандығы жөнінде шағым түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 23 мамыры мен 2021 жылдың 4 маусымы каралығында танымал мессенджерлердің бірі арқылы алдау және сенімге кіру жолымен, тауарды төмен бағамен сатамын деген сылтаумен 47 800 теңге мөлшерінде ақшасын иемденіп кеткені туралы хабарлаған.

- Қылмыстық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шемонаиха ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.